ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыс өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақорданың Twitter-дегі мәліметіне сәйкес, ҚР Президенті жиналыс барысында моноқалаларда халық санының азаюы проблемасына назар аудартқан.
«Моноқалалар үшін тұрғындардың облыс орталықтары мен басқа қалаларға көшіп кетуі тән болып тұр. 1999 жылдан бері моноқалалардың халқы 2 есеге, 3 миллионнан 1,5 миллион адамға азайған. Негізінен халықтың экономикалық тұрғыда белсенді халқы, әсіресе жастар көшіп кетіп жатыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.