Моноқалаларды даму әлеуеттері негінде 3 топқа бөлу қажет - Тоқаев

None
None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Моноқалаларды даму әлеуеттері негінде 3 топқа бөлу қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Моноқалаларды олардың әлеуеті негізінде үш топқа бөлген дұрыс болады деп санаймын. Бұл мәселеде барынша сындарлы болу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.

Ақорданың Twitter-дегі мәліметіне сәйкес, Мемлекет басшысы Үкіметке еліміздегі барлық моноқалаларға тиісті сараптама жүргізуді тапсырған.

«Үкімет облыс және моноқалалардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық моноқалалар бойынша тиісті сараптама әзірлеуі қажет. Ол әзірленіп жатқан Аумақтық даму жоспары мен Өңірлерді дамыту жоспарын ескеруі тиіс. Жұмысты 2022 жылдың 1 наурызына дейін аяқтау керек», - деді ҚР Президенті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысының Екібастұз қаласына келді . Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар қаладағы индустриалды кәсіпорындарға барады деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар