Моноқалада жаңа сот ғимараты ашылды - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Текелі қаласында жаңа сот ғимараты қолданысқа берілді. Нысанның құрылысына республикалық қазынадан 231 млн теңге қаржы бөлінген. Ғимарат толығымен заманға сай материалдық техникалық базамен жабдықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа ғимаратта  азаматтық және қылмыстық істерді қарайтын екі сот залы, судьялар кабинеті мен оқу бөлмесі қарастырылған. Бұдан бөлек, прокуратура, қорғаушы және облыстық сотпен онлайн режимінде конференция өткізуге арналған арнайы бөлмелері де бар. Енді, тұрғындарға онлайн түрде де қызмет көрсетіледі. Жалпы, қалалық сотта жаңа жыл басталғалы 90-нан аса қылмыстық іс қаралған. Оның тең жартысы медиация тәртібімен шешілген.

Текелі қалалық сотының төрағасы Ернар Қасымбековтың айтуынша,  жаңа нысан  Елбасы саясатының негізі ұстанымы  ашықтық, жариялылықты  жүзеге асыруға септігін тигізбек.  Мұнда қазір 3 судья және 15 қызметкер жұмыс істейді. Мекеменің ашылу салтанатына облыстық соттың төрағасы Мейрамбек Таймерденов келді.

Айта кету керек, Текелі қаласының сот қызметкерлері осы күнге дейін 50-ші жылдары салынған ескі ғимаратта қызмет етіп келді.

null null null 

Соңғы жаңалықтар