Мониторинг топтарының жұмысына қандай өзгерістер енгізілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында мониторинг топтарының жұмысындағы жаңалықтар туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоаралық топтың шешімімен мониторинг топтарының жұмыс алгоритміне өзгерістер енгізілді.

Бұдан былай барлық рейдтер infokazakhstan.kz сайтында тіркелуі керек.

Нысанның атауы және нақты мекенжайы, сондай-ақ мониторингтік топтың құрамы міндетті түрде көрсетіледі.

Кәсіпкер жоспарланған бизнес-нүктеге бару туралы алдын-ала білмейді, бірақ ол рейдтің заңдылығын QR-код арқылы тексере алады. Жүйеге тіркелгеннен кейін топта рейд өткізуге 24 сағат берледі. Мониторинг актісі электрондық түрде қалыптастырылады.

«Цифрлық технологиялар адам факторын болдырмайды. Осылайша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмендейді. Кәсіпкер мониторингтік топтардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізе алады. Біз нәтижелерді талдай аламыз», – деп атап өтті ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Алхайдар Асқаров.

Күн сайын статистика және анықталған бұзушылықтар бар рейдтердің қорытындылары жинақталады.

Естеріңізге сала кетейік, мониторинг топтары заңбұзушылықтарды тек бес санитарлық талап бойынша ғана тіркей алады:

- жұмыс тәртібі;

- отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

- әлеуметтік қашықтық;

- маска режимі;

- келушілер санының шектен асуы.

Мобильді топтардың кәсіпкерлерге айыппұл салуға құқығы жоқ.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғау үшін материалдар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне беріледі.


Соңғы жаңалықтар