Мониторинг топтар елорданың қоғамдық көліктерін неге тексермейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мониторинг топтары елорданың қоғамдық көліктерін неге тексермейді? Бұл сауалға Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлік нысандарына қатысты бұл мәселе өте өзекті. Барлық уақытта көлік қатынасы қажет екендігін айтамыз. Бірақ, көліктерді міндетті түрде заласыздандыру және барлық сақтық іс-шараларын сақтауүшін демалыс күндері қатынасуына тыйым саламыз. Жалпы, автобуста әлеуметтік арақашықтық сақтау өте қиын. Бұл орайда бүкіл халыққа міндетті түрде маска тағуға кеңес береміз. Бұл тасымалдаушылардың да, халықтың да міндетті түрдегі жауапкершілігі», - деді бас санитарлық дәрігер елорда әкімдігінде өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар, ол қоғамдық көліктерде неліктен мониторинг жұмысы жүргізілмейтіндігін түсіндіріп берді.

«Автобустарда санитарлық талаптардың сақталуын тексеру мүмкін емес. Өйткені, тексеруді кәсіпкерлік кодекс негізінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізуге тиіспіз. Ал автотасымалдаушыларда санитарлық норма жоқ. Мол себепті заңды түрде тексеру жүргізе алмаймыз. Тек ұсыныс сипатында шектеу режимінің іс-шараларын сақтауға кеңес бере аламыз», - деді Сархат Бейсенова.


Соңғы жаңалықтар