Моңғолияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға сапармен келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада Моңғолияның Сыртқы істер министрі Дандингин Цогтбаатар Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәсихатында ҚР СІМ ресми өкілі ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«24-25 қаңтарда Қазақстан - Моңғолия қарым-қатынасының тарихында тұңғыш рет Моңғолияның Сыртқы істер министрі Дандингин Цогтбаатар Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келеді. Сапар барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады», - деді Айбек Смадияров.

ҚР СІМ ресми өкілінің айтуынша, тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен екі елдің транзит-көліктік әлеуетін дамытуды, жоғары деңгейдегі өзара сапарларды ұйымдастыруды, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

«Қазақстан Республикасы мен Моңғолия стратегиялық серіктестер болып табылады. Сондай-ақ, ежелгі тарихи және экономиклалық байланыстарға ие. Екі мемлекетті біріктіретін достық көпірі - Моңғолиядағы қазақ диспорасы болып табылады», - деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар