Моңғолияның Сыртқы істер министрі Қазақстан Елшісімен кездесті

None
None
ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат – Моңғолия елінің Сыртқы істер министрі Нямцэрэнгийн Энхтайван Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Montsame News Agencyагенттігіне сілтеме жасап.

Кездесу басында Елші Жалғас Әділбаев Н.Энхтайванды Моңғолия елінің Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, оған еңбекте табысқа жетуге тілектестігін білдірді.

Өз тарапынан, Н. Энхтайван Қазақстанның СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердінің тағайындалуына байланысты құттықтауына алғысын білдіріп, Қазақстанмен достық қатынасты кеңейту және нығайту, сауда және экономикалық мазмұны бар екіжақты қатынасты байыту ниетін білдірді. Ол сондай-ақ моңғолдық тарап коронавирус пандемиясына қарсы күрес, Қазақстаннан үйлеріне қайтуға ниетті Моңғолия тұрғындарын эвакуациялау бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыратынын атап өтті.

Елші Жалғас Әділбаев екі ел арасындағы достық қатынасты нығайту жолында жұмыс атқаруға, жоғары деңгейдегі саяси диалогты жандандыруға, екі мемлекет азаматтарымен алмасу және экономикалық салада нақты жобаларды іске асыруға даярлығын білдірді. Ол сондай-ақ бір-бірін тек екіжақты емес, халықаралық және аймақтық алаңда қолдауға қызығушылық танытып отырғанын растады.


Соңғы жаңалықтар