Моңғолияның есірткіге қарсы полициясы қазақстандық әріптестерінен тәжірибе бөлісуді сұрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ-моңғол консулдық консультациялары шеңберінде Қазақстан мен Моңғолияның есірткіге қарсы ведомстволары басшыларының кездесуі өтті. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Моңғолия Әділет және ішкі істер министрлігі Есірткіге қарсы департаментінің директоры Ж. Эрдэнэболд еліміздің есірткінің заңсыз айналымына қарсы қызметіне жоғары баға берді. Сондай-ақ есірткілердің заңсыз айналымы Моңғолия үшін салыстырмалы түрде жаңа проблема екенін атап өтті», - делінген баспасөз мәслихатында.

Елге синтетикалық есірткілер іргелес мемлекеттерден, сондай-ақ пошта жөнелтілімдері арқылы жеткізіледі. Бұл, есірткі бизнесіне қарсы әрекеттің әлемдік тәжірибесін белсенді зерделеуді қажет етеді.

«Есірткіге қарсы қазақстандық құрылымдардың есірткі бизнесіне қарсы күрестегі үлкен тәжірибесін ескере отырып, моңғол тарапы нормативтік-құқықтық, сол сияқты жедел сипаттағы ақпаратпен өзара алмасуды ұйымдастыруды, сондай-ақ Қазақстан Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында Моңғолияның есірткімен күрес полицейлерін оқыту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды», - деді ІІМ департаментінен.

Соңғы жаңалықтар