Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

Моңғолиялықтар Қазақстанның әлеуметтік қамту тәжірибесіне қызығып отыр

2019 жылғы 26 сәуір 16:41 608
Бөлісіңіз:
Моңғолиялықтар Қазақстанның әлеуметтік қамту тәжірибесіне қызығып отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Моңғолияның еңбек, әлеуметтік қорғау министрлігі және әлеуметтік сақтандыру бас агенттігі өкілдері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт және бэк-офистерінің жұмысымен танысты. Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар

Шара барысында мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдер мониторингі және әдіснама департаментінің директоры Серікқан Сабыржанов моңғолиялық әріптестеріне зейнетақы тағайындау үшін құжаттарды қабылдау және әрі қарай шешім қабылдау үшін уәкілетті органға электронды құжаттарды жіберу процесін көрсетті. Сондай-ақ, бала туылуы және күтімі бойынша жәрдемақыларды проактивті әдіспен  рәсімдеу үдерісі де делегация мүшелерінің қызығушылығын туғызды. Айта кету керек, Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып бала тууына байланысты мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті тәсілін енгізген болатын.

Сонымен қатар, шетелдік қонақтар egov.kz электрондық үкімет порталының жұмысымен танысты. Моңғолиялықтарға телеграм-бот мессенджері және mGov мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша жаңа сервистер таныстырылып, телеграм-бот (EgovKzBot) арқылы бір минут ішінде зейнетақы жинақтары туралы анықтама алу жолдары көрсетілді.

Шетелдік әріптестер мемлекеттік корпорацияның жұмысын жоғары бағалап, әлеуметтік сала бойынша қызметтердің барлық азаматтарға бірдей қолжетімділігіне ерекше мән берді. Олардың айтуынша, Моңғолияда зейнетақы төлемдеріне өтінішті үлкен қалаларда Қазақстандағыдай халыққа қызмет көрсету орталығына ұқсас мекемелерде, ал аудан орталықтары мен елді мекендерде жергілікті атқарушы органдарда рәсімдейді. Зейнетақы рәсімдеуге өтініш беру үшін құжат жинау да бірнеше кезеңнен тұрады.

Моңғолияның еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры Басан Батжаргал мемлекеттік қызметтерді бір жерден, бір өтініш арқылы алуға болатын осындай орталықтарды өз елдерінде ашуға мүдделі екенін жеткізді және орталықтардың жұмысы сәтті жүріп кеткен жағдайда электрондық үкімет порталын құру туралы жоспарлауға болатынын айтты.

Айта кетейік, мемлекеттік корпорация мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сапалы қызмет алуына ерекше назар аударады. Бүгінгі таңда Азаматтарға арналған үкіметтің барлық фронт-офистері пандустармен, шақыру кнопкаларымен, Брайль тақтайшаларымен және мүгедектерге қызмет көрсететін жеңілдік терезелерімен жабдықталған. Фронт-кеңселердің ғимараттары алдында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жеке тұрақ орындары да ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, I және II топтағы мүгедектер 1414 байланыс орталығына өтініш бере отырып, мемлекеттік қызметтерді үй жағдайында ала алады (қоңырау шалу тегін). Ал асырауында мүгедек балалары бар ата-аналардың 1411 нөміріне хпбарласып, психологтың онлайн-кеңесіне алдын ала жазылып қоюға мүмкіндігі бар.

Одан бөлек 1411 байланыс орталығы арқылы қазақстандықтар зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға қатысты барлық мәселелер бойынша тегін кеңес ала алады. Жыл басынан бері орталық қызметкерлері 130 мыңнан астам кеңес берді.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT