Моңғолиялық қазақ қызының портреті National Geographic байқауында бас жүлде алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолиялық қазақ қызының фотопортретіне National Geographic журналының «Travel-жыл фотографы» байқауында бірінші орын бұйырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат National Geographic-ке сілтеме жасап.

«Шай ішу мәдениеті» деп аталған портреттің авторы - швейцариялық фотограф Алессандра Мениконзи.

«Ұзақ уақыт бойы бүркітпен аң алу өнеріне тамсанып келдім. 2018 жылдың басында қыстаудан жайлауға көшіп бара жатқан көшпенді отбасында болдым. Моңғолия - халқы сирек ел, бірақ ондағы тұрғындар қонақжай келеді. Қазақ мәдениетінде шай қонақжайлылық символдарының бірі болып табылады. Фотодағы қыз - ішік киген Дәмелі. Ол Батыс Моңғолияның аязында тоңбас үшін кесемен шай ішіп тұр», - дейді Алессандра.

Байқаудың гран-приі Рейко Такахашидің «Табиғат» аталымына ұсынған «Су перісі» деп аталатын таңғажайып туындысына берілді.

Ал «Қалалар» аталымындағы бірінші орынға Хиро Курашина түсірген «Нагасакидегі жаңбырлы күн» фототуынды лайық болды.

Соңғы жаңалықтар