Моңғолиялық қандасымыз қазақстандық кикбоксинг шеберлерін рингке шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой кикбокстан Моңғолияның бірнеше дүркін чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Исламаллабек Шаяхметұлы 65-70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қазақстандық әріптестерін рингке шақырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі kaznews.mn порталына сілтеме жасап.

Моңғолиялық кикбоксшының осылайша, қазақстандық әріптестерімен де бағын сынамақ екен.
null 

«Оның айтуынша, Қазақстанда кикбоксинг жақсы дамыған. Сондықтан бағымды сынап көргім келеді. Қазақстандық спортшылар тарапынан ұсыныстар келіп түссе шаршы алаңда жекпе-жек өткізуге дайынмын, дейді» деп жазады аталған ақпарат көзі.

Исламаллабек Шаяхметұлы өткен аптада Ұланбатыр қаласында Моңғолияның үздік кикбоксшылары арасында өткен сайыста екінші орын иеленген.

Соңғы жаңалықтар