Моңғолиялық дәрігер-онкологтар шымкенттік әріптестерімен тәжірибе бөліспек

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - сәуірдің 9-ы мен 11-і аралығында Моңғолияның Ұлттық рак орталығының онколог-дәрігерлері Шымкентте шеберлік-сабақтарын өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Бауырдағы қатерлік ісіктерді емдеудегі өздерінің тәжірибелерімен хирург-гепатологтар Жигжидсурэн Чинбурэн мен Мендхаргал Адилсайхан, Моңғолияның еңбегі сіңген дәрігері Рамиш Асай мен рентген-хирург Пуревбаатар Бат-ирээдуй бөлісетін болады.

Сессияны облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Сәкен Қатбаев ашады.

Шетелдік мамандар лекциялар мен шеберлік сабақтарын жергілікті дәрігер-онкологтар үшін ұйымдастырмақ.

Соңғы жаңалықтар