Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 366.43 EUR 420.11
RUB 5.58 CNY 52.87
Jańalyqtar

Моңғолиядағы музейде Көктүрік империясының 300-ден астам жәдігері сақтаулы тұр

2018 жылғы 17 сәуір 08:35 1180
Бөлісіңіз:
Моңғолиядағы музейде Көктүрік империясының 300-ден астам жәдігері сақтаулы тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хушуу цайдам» музейі Моңғолиядағы Орхон өзенінің аңғарында, Арханғай аймағы Хашаат ауылында орналасқан. Онда біздің заманымыздың VI ғасырына тиесілі Көктүрік империясының (Түркі қағанаты) 300-ден астам сирек кездесетін жәдігері сақтаулы тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.

«Хушуу цайдам» музейі 2010 жылы Моңғолия үкіметінің қаулысымен құрылған.

Бұл археологиялық заттар қазіргі Хашаат сұмынында (ауылдық округ - авт.)орналасқан Түркі қағанатының саяси және әскери қайраткерлері Білге қаған мен Күлтегін мемориалдық кешендерінен табылған.

Еске салайық, түркілер Еуразия құрлығының төрттен бір бөлігінде өмір сүрген ежелгі көшпелі халықтардың бірі.

Айта кетерлігі, Түркия Республикасының премьер-министрі Бинали Йылдырым биыл 7 сәуірде Моңғолияға жасаған ресми сапары кезінде аталмыш музейге барған еді. 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қазақстан тарихы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT