Моңғолиядағы қандасымыз Бранденбург университетінің грантын ұтып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАҚпарат - Моңғолиядағы қандасымыз Еркеқұлан Бағдатұлы Италияның Халықаралық физика және математика орталығынан, Германияның Бранденбург технологиялық университетінен жарияланған докторлық дәрежедегі оқуға грант ұтып алды.

Бұл туралы қандастарымыздың  kaznews.mn сайты хабарлады .

«Менің шетелде халықаралық оқу орындарына оқуыма жаңа мүмкіндік туды. Италиядан және Германиядан грант ұтып алдым. Қазір Моңғолия - Германия бірлескен Технологиялық университетінде математика пәнінен сабақ беріп жүргендіктен, Германияда докторлық дәрежеде оқуды таңдадым. Бранденбургтегі математикалық зерттеу жұмыстарына өзімнің қолтаңбамды қалдырсам деген арманым бар. Мені әріптестерім жылы қабылдайды дегенге сенемін», - дейді Еркеқұлан Бағдатұлы.

Соңғы жаңалықтар