Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.86 EUR 422.97
RUB 5.85 CNY 56.33
Jańalyqtar

Моңғолияда «Түйешілер -2019» фестивалі өтті

2019 жылғы 13 қаңтар 01:19 995
Бөлісіңіз:
Моңғолияда «Түйешілер -2019» фестивалі өтті

ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - Моңғолияда Увурхангай аймағы түйешілер қауымдастығы Арвайхээр қаласында «Түйешілер -2019 фестивалін ұйымдастырды, деп хабарлайды МОНЦАМЭ.

Ұқсас жаңалықтар
Азия чемпионаты: Илья Ильин бесінші орынды қанағат тұтты Ақтөбеде «Жастар аренасы» спорт кешені пайдалануға берілді

Моңғолдардың көшпелі өмірін дәріптейтін бұл фестивальге Богд, Баруунбаян-Улаан, Тугруг, Гучин-Ус, Сант, Баянгол және Хайрхандулаан сомондарынан келген 200-ден астам түйе өсіруші қатысты.

Аталған шара кезінде көңіл көтеретін ойындар және түрлі қашықтықтарда  түйелер жарысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ бірқатар номинациялар бойынша  жүйрік түйелер анықталды.

Тугруг сомонынан Ц.Мунхбатаның, Д.Шийрэвсамбуу Гучин-Ус сомонынан Д.Шийрэвсамбуудың баптаған түліктері «Асыл тұқымды түйе» номинациясы бойынша жылдың жүйрік түйелері атанды.

Сондай-ақ шара аясында 6 малшыға «Еңбек сіңірген түйешілер» атағы берілді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT