+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Моңғолияда коронавирус инфекциясы тіркелді

2020 жылғы 10 наурыз 09:15
Бөлісіңіз:
Моңғолияда коронавирус инфекциясы тіркелді

ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - Моңғолияда коронавирустың алғашқы жағдайы Дорноговь аймағында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Пандемия кезеңінде ЕО елдерінде сайлау қалай өтті Таразда жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейтін 2 фильтр бөлме ашылды Алматылық инфекционист пандемия кезіндегі қиындықтар туралы айтып берді

Инфекция жұқтырған азамат 2020 жылдың 2 наурызында Моңғолияға Мәскеу-Улаанбаатар бағытына қатынайтын ұшақпен келген. Ол — бұл елде уақытша тұруға тіркелген 56 жастағы Франция азаматы. Одан алынған алдын ала зерттеулер нәтижесінде оның «COVID-19 « вирусын жұқтырғаны анықталды.

Сырқат қазіргі уақытта Дорноговь аймағының Улаанбадрах сұмынында (ауыл) орналасқан «Арева» (моңғолша «Бадрах энержи») компаниясының ғимаратында оқшауланғаны жайлы ресми дереккөздер мәлімдеп отыр. Оқшауланған француз «Арева» компаниясында жұмыс істейді.

Бүгін таңертеңгі сағат 6-да Төтенше жағдайлар жөніндегі арнайы комиссия басшысы, Премьер-министрдің орынбасары Өлзийсайханы Энхтүвшиннің кеңсесінде шұғыл жиналыс өткізіп, науқаспен әуе рейсінде, қонақ үйлер мен пойызда бірге болған азаматтарды анықтады. Жол қатынастарын келер дүйсенбіге дейін тоқтауға шешім қабылдады.

Бұл жөнінде Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі арнайы комиссияның бастығы, премьер-министрдің орынбасары Өлзийсайханы Энхтүвшин: «Алдын ала болжам бойынша азамат коронавирус жұқтырған. Алайда қайтадан тест тапсырып, растаймыз. Егер жағдай ауырлайтын болса, Еуропаға ұшатын әуе рестерінің барлығын тоқтатамыз», - деді.

Қуат Уатхан


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT