Моңғолияда қазақ қызы пәндік олимпиаданың бас жүлдесін иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияда тұратын қандасымыз Меруерт Жәнібекқызы Моңғолия Республикасы бойынша қоғамтану пәнінен өткізілген олимпиадада алтыннан алқа тақты.

ulgiinews.mn сайтының хабарлауынша, 2016-2017 жылғы оқу жылының мемлекеттік жаңартылған олимпиадасы ел астанасы Ұланбатыр қаласында өткен.

Қоғам тану пәнінен өткен бәсекеде қазақ қызы алғаш рет топ жарып, алтын алқа иегері атаныпты.
Меруерт Жәнібекқызы Баян-өлгейдегі «Дарын» кешенді мектебінің оқушысы.
null null 

Соңғы жаңалықтар