Моңғолияда халықтың 60%-ы вакцина алды

None
None
ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат-МОНЦАМЭ – Моңғолияда жаппай вакциналау 23 ақпанда басталды. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша халықтың 60%-ы екпе алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЭ-ге сілтеме жасап.

Вакцинаның бірінші дозасын 2 155 040 адам (66,2%) салдырса, екінші дозасын 1 956 183 адам (60,1%) салдырған.

Ел астанасында 1 069 783 адам яғни 18 жастан асқан халықтың 99,4 пайызы вакцинаның бірінші дозасын ектірсе, 975 166 адам (90,6%) толығымен вакциналанған. Сондай-ақ ұлттық деңгейде 16-17 жастағы 60 900 ересек бала, 12-15 жастағы 131 649 жасөспірім, 5 154 жүкті келіншек және 3 393 бала емізетін ана вакциналанған.

Жергілікті деңгейде бүгінгі күнде Өмнөговь аймағы көш бастап тұр, одан кейінгі орындарда Говьсүмбэр мен Сүхбаатар аймақтары тұр. Ал ең төмен вакцинация көрсеткіштері Дундговь, Өвөрхангай, Хөвсгөл аймақтарында.

2021 жылдың ақпан айынан бері Моңғолияға вакцинаның AstraZeneca, Pfizer/BioNTech, Спутник V және Sinopharm сияқты төрт түрінен 5,3 миллион доза келіп түсті.

Моңғолия үкіметі 10 тамызға қарай Ұланбатыр тұрғындарын, ал 20 тамызға қарай өңірлердің тұрғындарын толығымен вакциналауды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар