Моңғолияда халық жаппай шеруге шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия астанасы Ұланбатырда халық жаппай шеруге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат mongolnow.com сайтына сілтеме жасап.

Халықтың жаппай көшеге шығып, наразылық білдіруіне көмір экспортындағы былықтар себеп болған.

Айта кетсек, жуырда бірқатар жергілікті БАҚ-тар Моңғолиядан Қытайға тасымалданған көмір мөлшерінде айтарлықтай айырмашылығы бар екені және Қытайдың осы көмірді ұрлауға қатысы бар шенеуніктерді өлім жазасына кескенін жазған болатын.

Шеруге шыққандар үкімет пен президенттен көмір «ұрлағандардың» есімін атап, оларды жазалауды талап етуде.

Фото: mongolnow.com
Соңғы жаңалықтар