Моңғолияда дәрігерлер велосипедпен ел аралап жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияның Хобдо аймағында (облыс) орналасқан өңірлік диагностикалық және емдеу орталығының дәрігерлері елдің шалғайдағы аймақтарына велосипедпен саяхатқа шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Монцамэ агенттігіне сілтеме жасап.

Велосаяхат 16 тамызда басталды.

Ондағы мақсат - елдің шалғайдағы өңірлерінің тұрғындарына медициналық көмек беру. Дәрігерлер 500 шақырым жол жүрмек, ол үшін бір жылдай арнайы дайындалған.

Салауатты өмір салтын насихаттайтын велодәрігерлер тобы невролог, хирург, травматолог және анестезиолог-реаниматолог мамандардан құралған.

Соңғы жаңалықтар