+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Моңғолияда бұрын беймәлім болып келген түркі ғұрыптық кешені табылды

2020 жылғы 8 маусым 17:18
Бөлісіңіз:
Моңғолияда бұрын беймәлім болып келген түркі ғұрыптық кешені табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Моңғолияның Дундговь аймағы Ногоонтал (Жасыл дала) деген жерден бұрын беймәлім болып келген түркі ғұрыптық кешені табылды. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Негізінен бұған дейін түркі ханзадалары мен бектерінің ірі кешендері Моңғолияның орталық аймағы Орхон, Туул өзені алқабынан табылып келген еді. Елдің солтүстік тарапындағы Гоби шөлі аймағынан мұндай ескерткіштер аса сирек кездесетіндіктен, оны тиянақты зерттеу көне түркі мәдениеті ареалын кеңейте түсуге мүмкіндік тудырады. Бұл жәдігерлерді зерттеп зерделеудің түркі тарихына олжа салары анық», – деп жазды академия басшысы.

Табылған кешеннің аумағы 2.5х2.5 м, шаршы пішінді. Кешенде орналасқан жайпақ тасаттық тасқа мүйіз бен гүл тәрізді ою-өрнектер оймыштап айқын бейнеленген.
Ғұрыптық кешенде биіктігі 2 метрден асатын 4 дана тік сынтас анықталды. Кешен көне түркі ақсүйек бекзадасының тиесілі деп жорамалдануда.

Айта кету керек, Түркі академиясы Моңғолияның Ұлттық музейімен бірлесіп 2016 жылдан бері «Керулен» жобасы аясында Хэнтий аймағы Дэлгэрхаан сұмынында Хаяахудаг, Гүнбүрд түркі кешендеріне археологиялық қазба жүргізіп, көшпенділердің мәдениетіне қатысты елеулі жаңалықтар ашқан болатын.

Академия мен Моңғолия Ұлттық музейі алдағы уақытта жаңадан табылған нысанда зерттеу жасауды жоспарлап отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT