Моңғолияда аптап ыстықта қаталап қалған аққулар құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияның шығыс өңіріндегі бірқатар компаниялардың қызметкерлері Дорнод аймағының маңында далада аптап ыстықта шөлден әлсіреп қалған құстар мен жабайы аңдарды құтқару үшін жасанды су қоймаларын жасады.

Аптап ыстық пен құрғақшылық салдарынан ауыз суы тұрғындар ғана емес жабайы аңдарға да жетпей жатыр, деп хабарлайды елдің МОНЦАМЭ агенттігі.

Экологиялық апаттың алдын алу үшін бірқатар компаниялардың қызметкерлері азаматтық бастама көтеріп өз күштерімен жабайы аң мен құстарды құтқаруға кірісті. Олар өз автоцистерналарын суға толтырып, оны ұзақ ұшудан қаталап әрі әлсіреп қалған аққулар бар жерге жеткізді.
Қазіргі уақытта шығыстағы аймақтарда (облыстар) ауа температурасы +33-38 градусқа көтерілді. Бұл өңірлерде зерен (антилопа), бұғы, бұлан, қарсақ және қабандар мекен етеді. 

Соңғы жаңалықтар