Монғолияда алғаш рет коронавирустан адам қайтыс болды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Монғолияда пандемия басталғалы коронавирустан болған алғашқы өлім тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, қайтыс болған науқас 76 жаста.

Монғолияның денсаулық сақтау министрлігі хабарлауынша, бұл елдегі коронавирустан болған алғашқы өлім.

Жалпы алғанда Монғолияда ауруға шалдыққандар саны 1215 адамға жетті. Олардың 830-ы сауығып шыққан.


Соңғы жаңалықтар