Моңғолияда 2500 шақырымды құрайтын автобан салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияның вице-премьері Д.Тэрбишдагва Ундурхаан (Хэнтий аймағы) - Мунххан (Сухбаатар аймағы) - Баруун-Урт тас жолының пайдалануға берілу рәсіміне қатысты, деп хабарлады «Моңғолия дауысы» агенттігі.

«85 жылдың ішінде, яғни 2012 жылға дейін көлік саласы алты аймақтың орталығын астанамен байланыстырды, дәл осындай алты тас жолды екі жылдың ішінде қазіргі реформалар үкіметі салды», делінген мақалада.

Енді жаңадан салынған жақсы жолмен ел астанасынан аталған ауданның орталығына дейін Ундурхаан арқылы көп дегенде алты сағатта жетуге болады. Бұған дейін бұл жолға бір күндей уақыт жұмсалатын. Үкімет барлық аймақтар орталықтарын 2016 жылға дейін астанамен байланыстыруды мақсат етіп қойған болатын, қазіргі кезде 2 500 шақырымдық автобандар салынып бітті.

Соңғы жаңалықтар