Моңғолияда 12-17 жас аралығындағы балалардың 75 пайызға жуығы вакцина алды

None
None
ҰЛАНБАТЫР. МОНЦАМЭ-ҚазАқпарат – Моңғолияда 12-ден 17 жасқа дейінгі балалардың 74,8%-ы вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.

Моңғолияның Үкіметі 1 қыркүйекте жаңа оқу жылын бастау туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты Ұланбатырдың медицина қызметкерлері мектептер мен балабақшаларда ашылған вакциналау мен тестілеу пунктілерін басқа жерге ауыстыру жөнінде шұғыл жиналыс өткізді.

Оқытуды сыныпта және қашықтан ұйымдастыру үшін елдің балабақшалары мен мектептерін тазарту және дезинфекциялау жүргізіледі.

Қазіргі кезде мұғалімдер мен білім беру мекемелері қызметкерлерінің 90%-ы коронавирус вакцинасын алған.

Моңғолияның Білім және ғылым министрілігінің хабарлауынша, осы жылы 232 мың бала 1 515 балабақшада мектепке дейінгі білім алады, сонымен қатар 854 орта білім беру мектептерінде 718 817 оқушы білім алады. 40 165 студент 75 орта кәсіби білім беру орталығында, 150 100 студент 88 жоғары оқу орнында оқиды.

2 тамыздағы жағдай бойынша, 12-ден 17 жасқа дейінгі балардың 74,8%-ы вакцина алған.


Соңғы жаңалықтар