Моңғолия президенті елге келген соң 14 күнге карантинге жатқызылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Моңғолия президенті 27 ақпан күні сағат 22.20-да ҚХР-на бір күндік сапарынан оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Montsame агенттігіне сілтеме жасап.

Қауіпті вирусты елге таратпау кешенді шараларының ережесіне сәйкес, мемлекет басшысымен бірге барған ресми тұлғалар Шыңғыс хан халықаралық әуежайында коронавирусқа тексерістен өтіп, арнайы мекемеге 14 күнге оқшауландырылды.

Ресми мәлімет бойынша, Президент Х.Баттулга астаналық емханалардың біріне жеке жатқызылса, онымен бірге барған ішкі саясат мекемесінің министрі Д.Цогтбаатар, Төтенше жағдайлар бойынша бас басқарма (ТЖББ) басшысы, генерал-майор Т.Бадрал, Президент әкімшілігінің басшысы У.Шижир, Сыртқы саясат бойынша президент кеңесшісі Т.Тэгшжаргал астаналық Хан-Уул ауданы аумағында «Жаргалант» тау шатқалындағы арнайы оңалту шипажайына жіберілді.

Еске сала кетсек, Моңғолия президенті мен ҚХР төрағасының кездесуі Қытайда жаңа коронавирус пайда болып, оған жалпыұлттық күрес жалғасып жатқан сәтте өтті. Бұл көршілес екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік өзінің ең жоғарғы дәрежесіне жеткендігін көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар