Моңғолия премьер-министрі бүркітші қыз Айшолпанмен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыран бүркіт баптап, қырдың қызыл түлкісін аулап, әлемге танымал болған моңғолиялық қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқызын Моңғолия прьемері Ухнаагийн Хурэлсух (Khurelsukh Ukhnaa) мырза қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

АҚШ киногерлерінің "Бүркітші қыз" фильмі арқылы әлемге танымал болған Айшолпан қарындасымыз Моңғолия премьерімен болған кездесуге қазақтың ұлттық киімін киіп барған. Аталған елдің премьері Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасында Айшолпан бас кейіпкер ретінде түсірілген фильм Моңғол елін әлемге танытқанын жазды.

«Әлем халқының мақтанышына айналған бүркітші қызды қабылдап, жүздестім. Бүркітпен саятшылық құру дегеніміз кішкентай қыз тұрмақ ер жігіттер үшін де ерлік пен батылдықты талап ететін қиын шаруа. Ал, Айшолпан сексенге жуық ер азаматты шаң қаптырып, бүркітшілер мерекесінде алға шықты. Ол туралы жасалған деректі фильм әлем елдерін елең еткізді. "Азия құрлығын жаңғыртушы мәртебелі тұлға" деген абыройлы сыйлықтың иегері болып, Моңғол елінің дүниежүзілік аренада беделін көтерді», - деп мәлімдеді ел премьері өз жазбасында.

null 

Соңғы жаңалықтар