Моңғолия Қазақстан қонақтарын қабылдайды - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шет елдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Қазақ малшылары түйе бағып мол табыс табуда - «Ағажай-Алтай» порталы null

«Шыңжаңның Алтай аймағындағы Бурылтоғай ауданы байырғы Жібек жолының бойында орналасқан аудан. Бұл арадағы қазақ малшылар ежелден бері түйе бағуды кәсіп еткен. Жуырдағы жылдардан бері Бурылтоғай ауданы бұл кәсіпті белсенді дамытып, «бірлескен коператив, бағымшылық базасы, түйеші отбасылар» сынды түйе бағудың бизнес формасын қалыптастырып, аталған кәсіп арқылы халықтың табысын көбейтуді жедел ілгерілеткен. Қазір бұл ауданда 600-ден астам отбасы түйе бағуды кәсіп етіп келеді. Бурылтоғайда қолда бағылатын түйелердің саны 20 мыңнан асады. Малшылардың жылдық кірісі орта есеппен адам басына 30 мың юаньнан жоғары (1 605 000 теңге көлемінде - авт.)», - деп жазады «Ағажай-Алтай» порталы.
null null

«Суретте Алтай аймағы, Бурылтоғай ауданындағы малшы түйелерін Үліңгір көлінен суаруда» делінген.

Айта кету керек, Үліңгір көлі - Шыңжаңдағы ең үлкен көл. Үліңгір көлі Үліңгір өзенімен Шіңгіл өзенінің төменгі сағасында орналасқан. Жалпы көлемі 827 шаршы шақырым, теңіз деңгейінен 468 метр биіктікте.

null null null

Моңғолия Қазақстан қонақтарын қабылдайды - KAZNEWS

null

Моңғолия, Қазақстан Республикасы арасында тікелей рейс ашылып, «Скат» әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы алғаш рет 3 маусым күні сағат 04.50-де Ұланбатыр қаласына келіп қонды, деп хабарлайды моңғолиялық KAZNEWS ақапарттық порталы.

«Ең әуелі Нұр-Сұлтан-Ұланбатыр бағытына халықаралық тікелей рейстің ашылуына қолдау көрсеткен Моңғолия Үкіметіне, Жол-транспорт министрлігіне, Азаматтық авиация бас басқармасына, сондай-ақ өзге де құзырлы органдарға алғыс білдіремін. Аталмыш рейс халықаралық тұрақты бағыт болғандықтан, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық жоғары деңгейге көтеріледі. Саясат, экономика, мәдениет, гуманитарлық және туризм саласының дамуына үлес қосады» - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті Елшісі Қалыбек Қобыландин бұқаралық ақпараттық құралдарға арналған брифингте» деп жазды ақпарат агенттігі.

Аталған ақпарат көзінің мәліметінше, «Скат» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан-Ұланбатыр бағытына әр сәрсенбі мен жексенбі күндері Boeing-737 ұшағы арқылы бір жағына 144 жолаушы тасымалдайды. Ұланбатырдан дүйсенбі мен бейсенбі күндері сағат 06:00 ұшып, Нұр-Сұлтан қаласына 08:30-да қонады. Билет бағасы $240-$250 АҚШ доллары, барып қайтуға $460-дан.

«Моңғолиялық жолаушылар үшін Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен, Ақтау және Павлодардан ыңғайлы түйістер күтіп тұр. Ал, бүгіннен бастап Моңғолия - Қазақстан қонақтарын қабылдайды», деп түйіндейді kaznews.mn.

Мысыр перғауын мүсінінің аукционда сатылуын қаламады - TRT

null

Мысыр әкімшілігі Ұлыбританияны біздің заманымздан бұрынғы 1334-1325 жылдары арасында билік жүргізген Тутанхамон басының алтын мүсіні үшін шілде айында ұйымдастырылатын аукционды тоқтатуға шақыру тастады.

Бұл туралы осы аптада Түркияның Телевизия және радио мекемесінің сайты хабарлады.

Мысыр Сыртқы істер министрлігі 4 шілдеде Лондон қаласында өткізілетін аукционға байланысты ақпарат шыққан соң мәлімдеме жасаған.

Мысырдың Лондондағы өкілетті елшілігінің аукционды тоқтату және мүсіннің Мысырға қайтарылуы турасында Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігімен хабарласқаны білдірілген мәлімдемеде Лондон әкімшілігінің жауабы жөнінде мәлімет берілмеді.

«Аталмыш мәселеге байланысты аукцион залы және Біріккен Ұлттар Ұйымы Білім, ғылым және мәдениет ұйымы UNESCO-мен байланыс жасалғаны білдірілген мәлімдемеде қазіргі заңдар аясында бұл тарихи мұраның Мысырға тиесілі екендігі көрсетілген», деп жазды түркиялық БАҚ.

Иран раушан суын өндіру бойынша әлемде бірінші орында - «Фарс» ақпарат агенттігі

null

Иранның Ауылшаруашылық министрлігі «ИИР әлемде раушан суын, әсіресе Мұхаммади гүлінің суын өндіру бойынша бірінші орында, ал осы гүлдің майын өндіру бойынша төртінші орында тұр», деп мәлім етті.

Бұл туралы осы аптада Fars ақпарат агенттігі хабарлады.

Аталған ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Ауылшаруашылық министрлігі бір мәлімдемесінде елде раушан суын ең көп өндіретін қаланың Кашан екенін, онда орташа есеппен гектарына 4 тонна раушан суы өндірілетінін айтып, «Қазір Кашанда Мұхаммади гүлі өсетін 3 500 га алқап бар», ‑ деп мәлімдеген.

«Осы мәлімет бойынша, 2018 жылы Ираннан құны шамамен 10 млн долларды құрайтын Мұхаммади гүлінің суы мен майы экспортталған» деп түйіндейді parstoday.com.

Қазақ малшылары мыңғырған қойымен жайлауға көшті - «Жэньминь жибао» (People Daily)
null null null

«Әр жылы маусым айын басынан орта шеніне дейін Бурылтоғай ауданының малшылары жайлауға қарай көше бастайды. 1 мыңнан астам қазақ малшылар отбасы киіз үй және басқа да керек-жарақтарын түйеге артып, мыңғырған қойларын шұбырта айдап, жазғы жайлауға бет алады. Байырғы замандағыдай қаз-қатар тізілген түйе керуені, қаптаған қалың қой, көрген жанды өзгеше әсерге бөлейді», деп жазды Қытайдың «Жэньминь жибао » ақпараттық порталы.
null null null

Өзбекстанға бес ай ішінде 1,3 миллион турист келген - «ӨзА» ақпараттық агенттігі

null

Өткен жылмен салыстырғанда биыл туристер саны 42 пайызға артқан, деп хабарлайды Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

Бұндай ақпаратты Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Илхамжан Нематов инвестиция және туризм жайындағы мәліметтерінде айтқан.

«Жыл басынан есептегенде соңғы бес айда яғни жылдың алғашқы ширегінде Өзбекстанға келуші туристер саны өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 42 пайызға артып олардың саны 1,3 миллионға жетті. Соңғы бес ай ішінде Өзбекстан экономикасына шетел инвестициясын тартуға бағытталды. Негізінде 500,2 млрд сумдық 244 жоба жасалып соның ішінде 2019 жылда жалпы құны 1,2 млрд сум болатын 163 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы аралықта, Өзбекстанда жасалған өнімдерді экспорт жасау мәселесі бойынша Өзбекстан елшілігі бар болған елдерге экспорт көлемі 30,6 пайызға артты және жалпы құны 3,5 млрд сумды құрады» - деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Илхамжан Нематов.

Соңғы жаңалықтар