+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Моңғолия қазағы бес тілдегі жаңылтпашты мүдірмей оқыды - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу

2020 жылғы 6 қыркүйек 10:53
Бөлісіңіз:
Моңғолия қазағы бес тілдегі жаңылтпашты мүдірмей оқыды - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар

Моңғолия қазағы бес тілдегі жаңылтпашты мүдірмей оқыды - KAZNEWS

Моңғолиялық қандасымыз Б.Барысбек Facebook-тегі 1 Minute English деп аталатын парақшада бес тілдегі жаңылтпашты оқырмандарға мүдірмей оқып берді, деп жазады моңғолиялық KAZNEWS ақпарат порталы.

«Facebook-те 1 Minute English деп аталатын қызықты парақша бар. Бұл парақшаға күн сайын ағылшын тілін үйренуге арналған бір минуттық ақысыз видеолар жүктеледі. Бұл контенттерді «1 Minute English» деп аталатын онлайн-тренинг орталығы ұсынады. Ал бұл орталықтың негізін қалаушы - Б.Барысбек бес тілдегі жаңылтпашты оқырмандарға мүдірмей оқып берді», - деп жазады KAZNEWS порталы.

Таңбалы жайлауының төрт маусымдағы көз тартатын әсем көріністері - Алтай ақпарат

Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ автономиялық облысының Нылқы ауданындағы Таңбалы жайлауы көркі көз арбайтын әсем табиғатымен жұртқа танымал, деп жазады altxw.com сайты.

«Қазақ ұлты қоныстанған Нылқы ауданы Тянь-Шань тауының орта бөлігінде, Іле өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан. Аудан туристік ресурстарға бай табиғатының сұлулығымен ерекшеленеді. Таңбалы жайлауы - өңірдің сондай туристік орталықтарының бірі. Осы Таңбалы жайлауының бір жылдағы төрт маусымының көрінісі туралы айтар болсақ, жаз маусымында тау етегі жасыл желек жамылса, тау шоқылары ақ қармен әсемденіп көрінеді, күз маусымында сан мыңдаған ағаштар көркем түспен боялып, алуан түстер көздің жауын алады, ал қыс маусымында, ұлан-байтақ дала қар-мұз құрсанып, асқар таулары айбаттана түседі. Мейлі қай мезгіл болсын, тек таңбалы жайлауына бара қалсаңыз, көз сүріндірер көркем алапта тұрып, жан дүниеңізді тазартып, естен кетпес әсерге бөленесіз! Назарларыңызға осы көркем табиғат көріністерінен фоторепортаж ұсынамыз», - деп жазады «Алтай ақпарат» сайты.


Генетикасы өзгертілген масалар табиғатқа жіберіледі - TRT

АҚШ-та 2021-2022 жылдар арасында генетикасы өзгертілген 750 миллион маса Флорида штатының табиғатына жіберіледі деген шешім жасалды, деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы.

«Жоба үшін Флорида штаты сынақ аймағы болып таңдалды. Жобаға жергілікті халық пен қоршаған орта топтары наразы болды. Алайда Флорида-Кис Маса басқару аймағы сынақ жобаны мақұлдады. Лауазымдылар аймақтағы кейбір масалардың зика, денге безгегі, сары безгек сияқты ауруларды таратып отырғанын, ал оны осы генетикасы өзгертілген масалар арқылы жоюға болатынын айтып, түсіндіруде. Осылайша аталмыш жобамен генетикасы өзгертілген масалардың ауруды тасымалдаған масалармен жұптасуы арқылы аурудың генетикасын өзгерту және алдын алу жоспарлануда» , - деп жазады TRT.

Қытай коронавирус вакцинасының клиникалық сынағы Өзбекстанда өтуі мүмкін - ӨзА

Қытайдың COVID-19 індетіне қарсы жасалған вакцинасының үшінші клиникалық сынағы Өзбекстанда да өтуі мүмкін, деп жазады Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпарат агенттігі.

«Бұл жөнінде ӨР Инновациялық даму министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Қытай Ғылымдар академиясы, Халықаралық ғылыми ұйымдар Альянсы және «Anhui ZhifeiLongcom Biopharmaceutical» өкілдері арасында өткен бейнеконференциялы келіссөз аясында сөз болды. Жаңа вакцина технологиясын 2020 жылдың 6 тамызында беделді «Cell» журналында бір топ қытайлық ғалымдар жариялады. Қытай тарапы қазіргі күні вакцинаның екінші кезеңін аяқтау үстінде. Бүгінге дейін вакцина жақсы нәтиже көрсеткен. Сондықтан клиникалық сынақтың үшінші кезеңін бірнеше елде қатар өткізу жоспарланып отырғанын айтқан Қытай өкілдері оны Өзбекстандағы еріктілер арасында да өткізу мүмкіндігі жайлы қызығушылық білдірген. Одан бөлек Қиыр Шығыс пен Араб елдерінде де өткізу жоспарланған. Егер вакцина сынақтарда жақсы нәтиже көрсетсе, онда осы емдік өнімді Өзбекстан мен басқа Орталық Азия елдерінде қолдануға болатыны айтылған», - деп жазады «ӨзА» ақпарат агенттігі.

Түрік режиссері Италияда беделді жүлдеге ие болды - TRT

Италияда тұратын түрік режиссері Ферзан Өзпетек Италия жазушылар және баспагерлер қоғамының «Арнайы жүлдесіне» лайықты деп табылды, деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы.

«77-ші Халықаралық Венеция кинофестивалі шеңберінде өткен шарада аталған қоғамның жүлделерін табыстау рәсімі ұйымдастырылды. Рәсімде Ферзан Өзпетек Италия кинематографиясының жаңа классигі, білікті жазушы және режиссер ретінде бағаланып, жүлдеге лайықты деп танылған. Өзпетек бұдан бұрын атақты италиалық режиссерлер алған жүлдеге ие болды. Түрік режиссері рәсімде «Осы жүлдені алу - өте тамаша сезім. Қуаныштымын» деді. Өзпетек өткен жылы желтоқсан айында карьерасындағы 13-ші фильм - «Шанс құдайын» прокатқа шығарса, биыл маусым айында үшінші романын жариялаған», - деп жазады TRT.

Zoom басшысының байлығы бір тәулікте 6,6 млрд долларға өсті - ӨзА

«Zoom» акциялар нарығы 40 пайыздан жоғары өсуінің есебінен платформаның негізін қалаушы Эрик Юанның дәулеті бір тәулікте 6,6 млрд долларға өсті, деп жазады Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпарат агенттігі.

«Bloomberg» агенттігінің жазуынша, компания табысы әлемдік пандемияның әсерінен рекордтық деңгейде өсімі туралы қорытынды есепті жариялады. Оның негізінде Эрик Юанның байлығы бір тәулікте 6,6 млрд долларға өсіп 23 млрд долларға жетті.

«Zoom» акциялары қорытынды есеп шыққаннан кейін 40 пайыздан жоғары өскені мәлім болып, компания биылдың өзінде 663,5 миллион доллар табыс тапқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 355 пайызға жоғары.

Айта кетейік, 2020 жылдың басында «Amazon» негізін қалаушы Джефф Безостың байлығы 24 сағат ішінде 13 миллиард долларға артқан болса, «Tesla» компаниясының басшысы Илон Масктың дәулеті де бәр тәулікте 8 миллиард долларға өсіп рекорд орнатқан еді.

Иранның Қазақстандағы елшісі осы елдің Сыртқы істер министрімен кездесті - Фарс

Иранның Қазақстандағы елшісі Маджид Сабер бейсенбі күні Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесу өткізді, деп жазады «Фарс» ақпарат агенттігі.

«ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тараптар осы кездесуде екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылап, түрлі салаларда екі елдің әріптестігін жалғастыру туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, екі елдің аймақтық және халықаралық ұйымдар аясындағы әріптестігін нығайту қажеттігі айтылды», - деп жазады Рarstoday.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бақытжол Кәкеш

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT