Моңғолия балуандары «Өлгей алыптарынан» именетін болды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Ысқақ Паша сарайының әлемдегі тұңғыш орталықтан жылу жүйесі құрылған сарай екенін білесіз бе - TRT
null

Агрының Догубеязыт ауданындағы Ысқақ паша сарайы әлемдегі тұңғыш бір орталықтан жылу жүйесі құрылған сарай, деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы.

«1685 жылы құрылысы басталған түрік сәулетінің ең көркем үлгілерінің бірі - Ысқақ паша сарайы 99 жылда аяқталған. Сонымен бірге бір кесене болып саналатын сарай - Стамбулдағы Топкапы сарайынан кейін салынған ең көркем сарайлардың бірі. Сарайды салғызған мырза оның көркемдігімен төңірекке және орталық билікке өзінің күшін көрсеткісі келген. Тас қабырғалардың ішіндегі бос жерлер сарайдың жылу жүйесімен жылытылғанын көрсетеді. Осы ерекшелігімен Ысқақ паша сарайы тарихта орталық жылу жүйесі құрылған әлемдегі ең бірінші сарай болып есептеледі», - деп жазады БАҚ.

Моңғолияның мықты балуандары «Өлгей алыптарынан» именетін болды - KAZNEWS
null

Моңғолиялық KAZNEWS ақпараттық порталына «Өлгей алыптары» спорт клубының төрағасы, ұлттық күрестен «Аймақ арыстаны» атағының иегері Айдос Қабиденұлы сұхбат берген.

Аталған БАҚ-тың жазуынша, Айдос Қабиденұлы - 1979 жылы Моңғолияның Баян-өлгей аймағында туған. Қазіргі күні Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласындағы «Сауда даму банкінің» қауіпсіздік бөлімінің басшысы. 2003 жылы Баян-Өлгей аймағының мемлекеттік тойында күрестен «Аймақ арыстаны» атағын алған. 2015 жылы «Өлгей алыптары» спорт клубын құруға бастамашы болған.

null

«...Бала кезімнен спортпен, зілтемір көтерумен айналысуға құштар болдым. 10-сыныпта аймақтық жасөспірімдер арасындағы ұлттық күрес бәсекесіне қатысып, бірінші орын иеленгенмін. 2002 жылы балуандар дайындайтын «Шонхор» денешынықтыру және спорт университетін оқытушы-жаттықтырушы мамандығымен бітірдім. Кейін Ұланбатырдағы Басқару академиясынан «мемлекеттік басқару» мамандығын игердім. 2002 жылы «Аймақтық лашын», 2003 жылы «Аймақтық арыстан» атағын иелендім. Университеттегі оқуымды аяқтаған соң «Хас банктің» Баян-Өлгей аймағындағы бөлімшесінде қорғаныс маманы болып орналасып, кейін Ұланбатыр қаласындағы орталығына ауысқан болатынмын. Соңғы 15 жылдай баніктің қауіпсіздік бөлімінде басқару қызметін атқарып келемін», - дейді Айдос Қабиденұлы KAZNEWS-қа берген сұхбатында.

null

Аталған сұхбатта, Айдос Қабиденұлы соңғы жылдары жастар арасынан үмітті, мықты балуандар шығып, талаптанып жүргенін көріп, оларға қолдау көрсету мақсатында «Өлгей алыптары» спорт клубын құрғанын айтады. Ол бүгінде осы орталықтың қазақ спортшыларына дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, өнімді, жемісті еңбек етіп жатқанын тілге тиек етеді.
null

«Аллаға шүкір, ауыз толтырып айтатын нәтижелер бар. «Өлгей алыптары» спорт клубынан екі мемлекеттік «лашын» атағын алған балуан шықты. 2016 жылы Б.Баатарцол «мемлекеттік лашын» атағын алса, келесі жылы Серік Бердімұратұлы да осы мемлекеттік атаққа қол жеткізді. Биылғы мемлекеттік мерекедегі жарысқа қатысу үшін, Моңғолияға еңбек сіңірген спортшы, «мемлекеттік піл» О.Одгэрэлмен бірлесіп, жастарды дайындау жұмысына кірісіп кеттік. Ал, негізгі жұмысымыз ұлттық күреске шоғырланған болса да, клуб жоспары тек ұлттық күреспен ғана шектелмейді. Мысалы, Б.Ардахан деген қызымыз дзюдо күресімен айналысатын мықты спортшы. Клубта 5-6 жасар балаларды дайындайды. Қазақ күресі де жақсы дамып келеді. Жуықта қазақ күресінен ел біріншілігі өткізілді. Онда 55 кг салмақта У. Айдынбек күміс медаль жеңіп алды. +100 кг салмақта Н.Мұстафа, 90 кг салмақта Ж.Өтеген, 82 кг салмақта Ж.Ақжол қола медаль еншіледі. Күні кеше ғана Б.Жандос бауырымыз дзюдодан Алматы қаласында өткен Азия кубогында -90 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Мұның барлығы тек менің ғана еңбегім емес, осы істі қолға алған азаматтардың, палуандардың еңбегі, төккен тері деп ойлаймын. Үнемі қаржылай қолдау көресететін кәсіпкерлердің де еңбегі орасан зор», - дейді Айдос Қабиденұлы.

null

Қытайдың классикалық әдеби шығармалары Қазақстанда жарық көрді - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

null

Қазақстанның Алматы қаласында қазақ тілінде басылып шыққан «Әулет», «Түн», «Түйе шияңзы», «Шалғайдағы шаһар» секілді Қытайдың 4 классикалық романының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды kazakcnr.com сайты.

null

«Қытай Халық Республикасының Қазіргі заман әдебиетіне жататын «Әулет», «Түн», «Түйе шияңзы», «Шалғайдағы шаһар» секілді 4 классикалық романы қазақ тіліне аударылып, оқырмандармен жүздесті. Аталған жаңа кітаптардың таныстырылымы Қазақстанда, Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада өткізілді. Айта кетсек, осы кітаптардың Қазақстанда шығуына мұрындық болған «Қытай ұлттар» баспасы мен Қазақстан жазушылар одағы 2014 жылдан бастап, Қытай мен Қазақстан жазушыларының таңдаулы шығармаларын өзара аударып, баспадан шығаруға уағдаласқан. Сол келісілген мәміленің натижесінде ауқымды жұмыстар атқарылып, Қытайдың классикалық шығармалары Қазақстанда жарық көрсе, Қазақстанның белгілі жазушыларының еңбектері де қытай тіліне аударылып, қытайлық оқырмандармен жүздескен», - деп жазды қытайлық БАҚ.


null

Аталған дерек көзінің жазуынша, қазақстандық үш баспа орны «Таң Династиясы дәуірінің 300 өлеңі», «Сұнзінің әскери өнері», «Қазақ емшілігі», «Қазақша-түрікше-қытайша сөздік» секілді 60-қа жуық кітапты басып шығарған. Алдағы уақытта тағы да қытайлық жазушылардың «Мо Янь еңбектері», «Лушұн жинағы» сияқты кітаптары Қазақстанда басылмақ. Сонымен бірге Қазақстандағы 60 автордың таңдамалы шығармалары екі томға жинақталып Қытайда жарық көрмек.

null

Өзбекстан Республикасының Мәжіліс Спикері Қазақстанның Өзбекстандағы елшісімен кездесті - «ӨзА» ақпараттық агенттігі

Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжілісі Заң палатасында, парламенттің төменгі палатасы Спикері Нурдинжан Исмаилов Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалдымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

Аталған БАҚ-тың жазуынша, Өзбекстан Республикасының Жоғарғы Мәжілісі Заң палатасы Спикері Дархан Сатыбалдыны еліміздегі елші болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтай отырып, жауапты және құрметті дипломатиялық қарым-қатынасты орнатуда табыстар тіледі. Кездесу барысында елшіге Өзбекстан Республикасының Жоғарғы Мәжілісінің төменгі палатасының заңнамалық қызметі, шығармашылық нормалары, комитеттер мен фракциялардың жұмыс әдістерін және парламентаризм саласындағы жаңалықтар жайында хабардар етті.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды шынайы әңгіме үшін рақмет айтып, конструктивті және сындарлы диалогты жалғастыру, екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңызды факторы болып табылатын парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен нығайту үшін осы сынды іс-шаралардың пайдалы екенін атап өтті.

Қазақстандағы бірегей білім ордасы - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)
null

Қытай Халық Республикасының жақын көршісі, «Бір белдеу, бір жол» бастамасына белсенді үн қосып келе жатқан маңызды ел, Қазақстанның ең беделді жоғары оқу ордаларының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, деп жазады kazakcnr.com сайты.

«Қандайда бір мемлекеттің дамуы сол елдегі білім беру құрлымының деңгейімен тікелей байланысты. Біз мақаламызда Қытай Халық Республикасының жақын көршісі, «Бір белдеу, бір жол» бастамасына белсенді үн қосып келе жатқан маңызды ел - Қазақстан Республикасының ең беделді жоғары оқу ордаларының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті туралы мағұлмат беруді жөн санадық. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 1934 жылы құрылған. Қазірге дейін 85 жылдық тарлан тарихты бастан өткерген бұл білім ордасы Қазақстан Республикасындағы ең үлкен және ең беделді, көпсалалы университет. Білім ордасы өзі басып өткен ғасырға жуық уақытта Қазақстанның экономика, саяси, мәдениет, әдебиет, ғылым мен педагогика саласына зор үлес қосты», - деп жазды қытайлық БАҚ.
null null

Аталған қытайлық сайтта жарық көрген мақалада, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті туралы жалпы мағұлмат егжей-тегжейлі, толық қамтылып жазылған. Онда оқу орнының ел ішінде және халықаралық деңгейде мойындалған бірегей орталық болып табылатыны айтылған.
null

«Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк жұмыс істейді. Білім ордасында 25 мыңнан астам студент пен магистрантқа 2000-нан астам профессор, доктор, ғылым кандидаты мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері дәріс оқиды. Университет әлемнің ең ірі 418 халықаралық жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан. Сонымен қатар мұнда көптеген шетелдік студенттер де білім алып жүр. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 1990 жылдан қазірге дейін Қытай Халық Республикасының жиырмадан астам жоғары оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан. Университетте «Қытайтану-зерттеу орталығы», «Бір белдеу, бір жол» зерттеу орталығы, «Конфуций институты» сияқты орталықтар ашылып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа өзіндік үлесін қосып, натижесін көрсетіп отыр», деп жазады Қытайдың «Орталық халық радиосы» сайты.

Қазақстанның президенттік сайлауына 45 халықаралық байқаушы қатысады - «Фарс» ақпарат агенттігі
null

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы бұл елдің президенттік сайлауының барысын бақылауға халықаралық ұйымдардың 45 байқаушысының өтінішін қабылдады. Бұл туралы осы аптада Fars ақпарат агенттігі хабарлады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы: «Қазақстан Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдардың 45 өкілін ұсынды және олардың барлығы шетелдік байқаушылар тізіміне тіркелді»,- деп хабарлады.

Бұл мәлімет бойынша 7 бақылаушы ТМД мүшелері тарапынан, 12 бақылаушы Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы, 4 бақылаушы Ислам ынтымақтастығы ұйымынан Қазақстанға келеді.

Қазақстанның президенттік сайлауы ағымдағы жылдың 9 маусымында өтеді.

Наратта қазақ әні әуеледі - «Жэньминь жибао» (People Daily)
null

Қытай Халық Республикасында ресми мереке күні болып танылған «1 мамыр - халықаралық еңбекшілер» және «4 мамыр - жастар» мерекесі күніне орай, Іле Қазақ автономиялы облысының Күнес ауданында «Наратта әуелеген әз әуен» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды kazakh.people.com.cn сайты.
null null

«Күнес ауданының Нарат жайлауындағы «қазақ ауылында» өткен мерекелік іс-шараға Қытайдың мемлекеттік 1-ші дәрежелі әншісі Дәлелқан Әділбекұлы, дүңген ұлтының танымалы әншісі Зордұн, «Күміс көмей» ән байқауының жеңімпазы Шалқар Әлімбекұлы және жас әнші Дидар Жұмабекқызы сияқты белгілі өнер жұлдыздары қатысты. Сондай-ақ концерт барысында көрермендерге дизайнерлер қолынан шыққан ұлттық нақыштағы киім үлгісі көрсетілді», - деп жазады «Жэньминь жибао» сайты.

null

Соңғы жаңалықтар