Моңғолия астанасында «қызғылт сары» деңгей 5 сәуірге дейін ұзартылды

None
None
ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат-МОНЦАМЭ – Моңғолияның Мемлекеттік төтенше комиссиясының отырысында ел астанасында даярлықтың «қызғылт сары» деңгейін 29 наурыз бен 5 сәуір аралығына дейін ұзарту жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат montsame.mn-ге сілтеме жасап.

Отырыс соңында Моңғолияның вице-премьері, комиссия төрағасы С.Амарсайхан бұл мәселе елдің министрлер кабинетініің бүгінгі кезекті отырысында ұсынылып, соңғы шешім сол жиында қабылданатынын мәлімдеді.

Аталмыш комиссия соңғы бірнеше күнде Ұланбатырда коронавирусқа шалдығу санының көбеюіне байланысты даярлықтың «қызғылт сары» деңгейі режимін жалғастыруды жөн деп санады.

Бұл ретте өндірістік және қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмыс кестесіне өзгеріс енгізіп, жекеменшік кәсіпорындардың санитарлық-эпидемиологиялық шараларды міндетті сақтауына қатысты арнайы кеңес әзірлеу жоспарланған.

Covid-19 вирусына шалдығу санының артуына қарамастан комиссия коронавирустың жеңіл белгісі бар науқастарға емдеу, үйде оқшаулау, көшпелі медбригада жұмысын жалғастыруды және жекелеген карантинді енгізуге қатысты қабылданып отырған шараларды жалғастыруды жөн деп санайды.


Соңғы жаңалықтар