Моңғолия астанасынан Ұлытауға дейінгі экспедиция жолға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) ұйымдастырған «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты ІІІ халықаралық экспедиция өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат TWESCO-ға сілтеме жасап .

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі бастаған бір топ зерттеуші мен журналистер Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласына аттанды.
null 

Аталған халықаралық экспедицияның басты мақсаты - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында  айрықша назар аударылған - киелі жерлер мен тарихи сананы жаңғырту. Экспедиция маршруты Моңғолияның Кентай аймағындағы Шыңғыс ханның туған жері Бурхан Халдуннан басталып, Ұлытаудағы Алаша хан, Жошы хан кесенесіне дейін жалғасатын болады.

Экспедиция мүшелері Кентай аймағына аттанбас бұрын Моңғолия астанасында бірқатар кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

Айта кетерлігі, бұл экспедиция TWESCO мен Моңғолия Ұлттық музейі арасында 2016 жылдың тамыз айында бекітілген ынтымақтастық меморандумы шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Ол құжат Шығыс Моңғолиядағы Кентай аймағынан табылған көне түркі кешендеріне археологиялық экспедиция жасақтап, бірлескен қазба жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар