Моңғолия 1 маусымнан бастап шекарасын ашты

None
None
ҰЛАНБАТЫР. МОНЦАМЭ-ҚазАқпарат - Моңғолия 1 маусымнан бастап ресми шекарасын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.

Моңғолия 2021 жылдың 1 маусымынан бастап ресми өз шекарасы ашты. Нәтижесінде ел азаматтары Түркия, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Грекия, Қырғызстан, Тайланд, Бразилия, Египет және Үндістан қатарлы шекарасы ашық оннан астам елге бара алады.

Әлемнің 110-нан астам елі, соның ішінде Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге Еуропа елдері шекараларын жартылай немесе толық жауып, шетелдіктерге виза беруді тоқтатқан болатын. Ол елдерге тек тұрақты визасы бар шетелдік кіре алады.

Моңғолия азаматтары еркін саяхаттайтын елдер санын көбейту мақсатында Моңғолия Үкіметі тарапынан коронавирусқа қарсы вакцинацияланған азаматтарға вакцина салдырғанын растайтын куәлік беріп, оны заңды деп тану үшін Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Қазақстан Республикасы, Мажарстан және өзге Еуропа елдерімен дипломатиялық келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын (екі компонентін) алған шет мемлекет азаматтарына Моңғолияға келуге рұқсат беру мәселесі елдің Үкімет отырысында қаралған болатын.


Соңғы жаңалықтар