Моңғолия 1 маусымнан бастап шекараны ашуды жоспарлауда

None
None
ҰЛАНБАТЫР. МОНЦАМЭ-ҚазАқпарат – 27 мамыр күні өткен Моңғолия Үкіметінің отырысында 1 маусымнан бастап шекараларды ашу туралы мәселе қарастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Моңғолия азаматтары Отанына оралу үшін коронавирусқа қарсы толық вакцинациядан өтуге міндетті емес. Яғни оларға екпені үйлеріне оралған соң алуға мүмкіндік беріліп отыр.

Онымен қоса, коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын (екі компонентін) алған шет мемлекет азаматтарына Моңғолияға келуге рұқсат беріледі.

Премьер-министр Л. Оюун-Эрдэнэ аталған сұрақты қосымша жіті пысықтап, шекараны ашу бойынша нақты ұсыныстарды 1 маусымға дейін Министрлер кабинетінің отырысында беруді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар