+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Моңғолия 1 мамырдан бастап әуе шекараларын ашады

2021 жылғы 9 сәуір 11:52
Бөлісіңіз:
Моңғолия 1 мамырдан бастап әуе шекараларын ашады

ҰЛАН-БАТЫР. МОНЦАМЭ-ҚазАқпарат – Моңғолия 1 мамырдан бастап әуе шекараларын ашады. Алайда қазіргі кезде тек вакцина толық көлемде егілген азаматтарға ғана кіруге рұқсат ету жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Моңғолияның МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Ғаламшардың қанша тұрғыны толық вакцина алды Әзербайжандық дәрігер COVID-19-ға қарсы екпеден кейінгі кеңестермен бөлісті Әлемдегі коронавирус: Бразилияда қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті, Covid-19 психикалық ауытқуларға әкеледі

Моңғолия үкіметінің кезектен тыс отырысында қабылданған шешімдер жарияланған баспасөз мәслихаты кезінде елдің премьер-министрі Л.Оюун-Эрдэнэ осылай мәлім етті.

Үкімет басшысының атап өтуінше, тиімді экономикалық әсерден басқа, бұл әуе шекаралары ашылған соң екі айдың ішінде Хушиг аңғарында жаңа халықаралық әуежайын ашуға мүмкіндік береді.

«1 шілдеге қарай мақсатты топты толық вакциналау туристерді елге келуге ынталандырып, әлемге позитивті сигнал жолдайды. Бұл мақсатпен біз әуежайды Наадам ұлттық мерекесінің алдында ашу үшін арнайы жұмыстар жүргізудеміз», - деді Л.Оюун-Эрдэнэ.

Еске сала кетсек, Моңғолия үкіметі кезектен тыс отырысында жоғары даярлықтың қазіргі режимін қызғылт сары деңгейден қызыл деңгейге ауыстыру және 10-25 сәуір күндері аралығында қатаң карантин режимін енгізу шешімін қабылдады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT