+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Моңғол қобызымен орындалған қазақ әні көрермендердің ықыласына бөленді - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

2021 жылғы 1 тамыз 11:15
Бөлісіңіз:
Моңғол қобызымен орындалған қазақ әні көрермендердің ықыласына бөленді - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда тұңғыш рет республикалық «Қобыз сарыны» байқауы өтті

Токио-2020: Өзбекстандық қандасымыз ширек финалға шықты - «ӨзА» ақпараттық агенттігі

Бокс бойынша XXXII жазғы Олимпиада ойындарының -63 келі салмаққа дейінгі ерлер арасындағы жарыста Елнұр Абдураимов ширек финалға шықты, деп хабарлайды Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпарат агенттігі.

Бұл туралы аталған басылым 31 шілде күні хабарлаған болатын.

Өзбекстан бокс құрамасының сапындағы қандасымыз Елнұр Абдураимов 1/8 финал белдесуінде шаршы алаңда тәжікстандық Бахорид Усмоновпен қолғап түйістіріп 5:0 есебімен жеңіске жеткен.

«Осылайша Елнұр ширек финалға жол алды. Енді ол алдағы уақтта армениялық Хованис Бачковке қарсы рингке шықпақ», деп хабарлаған болатын «ӨзА».

Айта кетейік, уикипедияда Елнұр Абдураимов ұлты қазақ, 1994 жылы 10 маусымда туған, жеңіл салмақтағы өзбек боксшысы, деп жазылған.

Гуаңшидан Қазақстанға қатынайтын Қытай-Еуропа жүк пойызы жолға шықты - «Жэньминьи жибао» (People Daily)

27 шілде күні Қытай-Еуропа жүк пойызы Қытайдың Гуаңши өлкесі, Нанниң халықаралық темір жол вокзалынан жолға шықты, деп хабарлайды People Daily.

Аталған БАҚ-тың дерегінше, шамамен 11 күннен кейін Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы сияқты жерлерге жетеді. Бұл тұңғыш рет Гуаңшидан Қазақстанға тіке қатынаған Қытай-Еуропа жүк пойызы екен.

«Биыл науырыз айында Гуаңши темір жол мекемесі «Нанниң - Ши-ан - Нұр-Сұлтан» Қытай-Еуропа жүк пойызының айналмалы жолын ашқан болатын. Тасымал өнімділігін арттырып, кәсіпорын тасымалының өзіндік құнын төмендету үшін Қытай темір жолы Нанниң мекемесі сапалы тасымал жобасын жасап, «Нанниң - Нұр-Сұлтан - Алматы» тіке жолын белгіледі. Жаңа жолдың жалпы ұзындығы 4662 километр. Бұрынғы жолдан 369 километр қысқарып, тасымал уақыты да үнемделген», деп жазады kazakh.people.com.

2 мың 300 жылдық балық сүйектері табылды - TRT

Анталияның Каш ауданындағы Патара ежелгі қаласында 2 мың 300 жылдық балық сүйектері табылды.

Бұл туралы осы аптада Түркия радио телевизия порталы хабарлаған болатын.

Жерорта теңізі Университеті Археология кафедрасының оқытушысы Еркан Дүндар басқарған қазбада Тепеджик деген жерде асхана және дастархан қалдықтарынан қалған жануар сүйектері табылды. Қазба барысында табылған ерекше балық қаңқалары зерттеле басталды, деп жазады түркиялқы БАҚ.

Домбырамен моңғол қобызының сүйемелінде орындалған қазақ әні - CNR

Қазақтың домбырасы мен моңғолдың атбас қобызының сүйемелінде орындалған қазақ әні көрермендердің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Қытайдың kazakcnr ақпараттық порталы.

Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, Шыңжаңның Бұратала моңғұл автономиялы облысында 35 ұлт бар. Олар тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр. Сонымен қатар олар бір-бірінің өнер, мәдениетімен де жете таныс. Соның анық мысалдарының бірі қазақ қызы Жаңылқан мен моңғол өнерпазы Еркіннің қазақ әнін қазақ тілінде орындауы, деп жазады CNR.

«Жаңылқан балалармен бірге моңғолдың бір өнерпазына амандаса барды. Олар бұрын да талай сахналарда әріптес болып, бірге өнер көрсеткен екен. «Атбас қобыз» деп аталатын музыкалық аспапты тартып отырған моңғол азаматының аты Еркін. Ол өздерінің ұлттық аспабымен қазақтың халық әніне музыка қосуда», дейді қытайлық БАҚ.

Айта кету керек, Жаңылқан мен Еркіннің орындағаны қазақтың халық әні «Ахау керім».

Қазақстанда 1300 жылдық мүсін табылды - TRT

Қазақстанда мөлшермен 1300 жылдық байырғы Түркі дәуіріне тән тас мүсін табылды. Профессор доктор Мұхтар Қожа тас мүсінді Түркістаннан 250 километр қашықтықтағы Сырдария өзені жағасынан бір тұрғынның байқағанын айтқан.

Қазақстаннан табылған тарихи мүсін туралы ақпаратты осы аптада Түркия радио телевизия порталы да хабарлаған болатын.

Халықаралық Түрік академиясының интернет парақшасында жарияланған мәлімдемеде осы тарихи табыс жайлы алғашқы мәліметтер Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Түрік-Қазақ университетінің мұғалімі профессор, доктор Мұхтар Қожа тарапынан хабарланғанды, деп жазды түркиялық БАҚ.

Мұхтар Қожа Тас мүсіннің байырғы Түркі дәуіріне тән екенін айтқан.

«Елімізде бұрын да көптеген тас мүсін табылды. Бұл жолғы мүсіннің көрінісі мен өрнектері жағынан бұрынғылардан өзгеше. Алғашқы зерттеуде биіктігі бір метр мүсіннің 1000-1300 жылдық тарихқа ие екенін мөлшерледік» деді Мұхтар Қожа.

Сондай-ақ, Мұхтар Қожа мүсінде әйел бейнесі суреттелгенін тілге тиек етеді.

«Мұны орамал мен сырғадан байқадық. Ауқатты әйелдің суреттелгені айқын. Сол дәуір билеушісінің әйелі болуы мүмкін. Ұмай ана символы болуы да ықтимал», дейді профессор.

Айта кетейік, мүсін университеттің Археология зерттеу институты мамандары тарапынан зерттелгенін айтқан М. Қожа зерттеу нәтижесінің жақында жарияланатынын хабарлаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бейсен Сұлтан

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT