Монако xанзадасы ЭКСПО-ға Монте-Карлоның циркін алып келді

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы ЭКСПО көрмесінде Монако елінің ұлттық күні аталып өтуде. Осыған орай, елордаға Монако xанзадасы II Альберт пен оның жұбайы Стефани келді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Монакодан келген мәртебелі мейманды Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев "Нұр-Әлем" павильонының алдында күтіп алды. Осыдан барлық делегациялар ашық аспан астында тігілген шатырға өтті. Сол жерде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сенат төрағасынан кейін сөз алған II Альберт өзінің жылы лебізін жеткізді. "ЭКСПО екі жақты байланыстарды нығайтуға тағы бір мүмкіндік беріп отыр. Біз үшін көрмеге қатысу - үлкен құрмет. Қазақстан мен Монако бір-біріне ұқсамайды. Дегенмен, мақсат-міндеттеріміз бір. Ол - жасыл экономиканы дамыту, баламалы энергетиканы нығайту", - дейлі xанзада.

Монако басшысы Қазақстанның баламалы энергетика бойынша 2050 жылға дейінгі мақсаттарын жақсы біледі екен. Монако болса, 2050 жылға дейін көмірқышқыл өндірістерден толығымен бас тартуды көздейді. "Қазірдің өзінде біраз жобалар қолға алынды. 2050 жылға дейін аз уақыт қалды. Сондықтан қазірден бастап әрекет ету керек. Соған дейін біз толығымен баламалы қуат көздеріне көшеміз. Оған еш күмәніңіз болмасын", - деп атап көрсетті II Альберт.

Мерекелік шара барысында Монте-Карлодан келген цирк әртістері өнер көрсетіп, қуыршақтар театрымен көрермен қауымның көңілін көтерді.

Соңғы жаңалықтар