«Молоко Синегорья» ЖШС шетелге сүт өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Молоко Синегорья» сүт зауыты бүгінде сүт қабылдап оның өнімдерін өндірумен айналысуда. Кәсіпорын алдағы уақытта шетелге сүт өнімдерін экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Молоко Синегорья» ЖШС-нің басшысы Елена Михайлова айтты.

Оның айтуынша, зауыт ультрапастерленген А3/Flex сүтін өндіру бойынша екі бірдей технологиялық желімен жабдықталған. Жыл басынан бері 18 мың литр, яғни 2045, 6 миллион теңгенің сүт өнімдері дайындалды.

Жақында зауытта тағы бір жоғары температурада сүт өңдейтін желі іске қосылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта шведтердің әдісі бойынша қышқыл сүт өнімдерін, гректердің әдіс бойынша «Стефарт» йогуртын, финдердің әдісі бойынша жапсырма қағазын және көлемі 1-2 литрлі шиша шығаратын жаңа желілерді іске қосу жоспарланған.

«Кәсіпорынның қазіргі заманғы озық технологиялық әдісті қолдануы өндіріс көлемін едәуір арттырып, жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беруде. Өнім негізінен Қазақстанның ішкі нарығына жөнелтілуде. Алдағы уақытта Ресей мен Түркімен елдеріне экспортқа шығару көзделіп отыр», - дейді Елена Михайлова.

Соңғы жаңалықтар