+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Молдовада төтенше жағдай 31 шілдеге дейін ұзартылды

2020 жылғы 13 шілде 14:30
Бөлісіңіз:
Молдовада төтенше жағдай 31 шілдеге дейін ұзартылды

КИШИНЕВ. МОЛДПРЕС – ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау төтенше комиссиясы бүгінгі отырыста Молдова Республикасының бүкіл аумағында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайды 2020 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОЛДПРЕС-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің ең кәрі тұрғыны өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд жаңартты Қатерлі дертке шалдыққан балаларға коронавирус қауіпті ме – Онкогематолог жауабы Медициналық сақтандыру қоры пациент құқығын қорғауға бағытталған 6 әдісті атады

Комиссия басшысы премьер-министр Ион Кикудың айтуынша, мұндай шешім пандемия жағдайына байланысты қабылданған. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде жағдай өршіп отыр.

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ұзартылып қана қоймай, кейбір шектеулер сақталады: шетелдіктердің Молдова Республикасына келуіне, шаралар өткізуге, мектепке дейінгі мекемелер қызметіне, демалыс лагерьлеріне, түнгі клубтарға, дискотекаларға, парктерге, демалыс аймақтарына және т.б.

Соған қарамастан, 16 шілдеден бастап жаттығу залдарында душқа түсуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ, оңалту орталықтары, соның ішінде курорттық-шипажай мекемелерінің қызметі кезең-кезеңімен қайта жанданады.

Соңғы 24 сағатта Молдова Республикасында 1819 тест жасалып, 258 адамнан жаңа коронавирус анықталды. Қазіргі уақытта елде 18 924 адам COVID-19 жұқтырған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT