Молдовада президент сайлауы өтті деп санауға болады - ОСК

None
None
КИШИНЭУ. МОЛДПРЕС – ҚазАқпарат – Молдовада президент сайлауында жергілікті уақытпен 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00) 1 миллионнан астам адам немесе сайлаушылардың 40 проценті дауыс берді. Сайлаушыларды үштен бірі дауыс берсе, онда сайлау өтті деп саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОЛДПРЕС-ке сілтемемен.

ОСК төрағасы Дорин Чимил 2016 жылғы сайлауда осы уақытқа дейін (18:00) 50 пайыз электорат дауыс беріп үлгергенін айтады. Ол, сондай-ақ, бүгін дауыс бергендердің 54 проценті әйелдер екенін, және де 56 жастан асқан тұрғындардың белсенді екенін атап өтті.

Алдыңғы сайлау да да, осы жолы да 25 жасқа дейінгі жастар ең аз келген санат болған.

ОСК басшысы шетелдерде жұмыс істеп тұрған сайлау учаскелерінде елдің 106 мың тұрғыны дауыс беріп үлгергенін айтты.

Сайлау нәтижесі туралы алғашқы алдын ала мәлімет жергілікті уақыт бойынша 22:00 шамасында шығады.

Соңғы жаңалықтар