Молдовада Президент сайлауы өтіп жатыр

None
None
БРЮССЕЛЬ-КИШИНЕВ. ҚазАқпарат – Бүгін Молдавияда президенттік сайлау өтеді.

Негізгі тартыс республиканың қазіргі басшысы Игорь Додон мен бұрынғы премьер-министр, Еуропалық әрекет және ынтымақтастық партиясының жетекшісі Майя Санду арасында болады деп болжануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республика Президенті лауазымына үміткерлер тізімінде барлығы сегіз кандидат бар, оларды 3,3 млн сайлаушы таңдайды. Алғаш рет сайлаушылар қатарына мойындалмаған Приднестровье тұрғындары кірді.

Қазіргі сайлау коронавирус пандемиясына байланысты қиын жағдайда өтіп жатыр. Молдова Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, шетелде тұратын 60 мыңнан астам Молдова азаматы сайлауға қатысуға тіркелген. Осыған байланысты коронавирустың әсерінен ішінара немесе толық «локдаун» енгізілген елдерде сайлаушылар сайлау учаскелеріне келуде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Мысалы, Францияда азаматтардың қозғалысына қатаң шектеу жарияланды. Сарапшылар негізгі тартыс республиканың қазіргі басшысы И. Додон мен әрекет және ынтымақтастық партиясының басшысы М. Санду арасында өтеді деп болжайды. М. Сандуды Еуропа өкілдері белсенді қолдайды.

Еуропалық халық партиясының қазіргі басшысы Дональд Туск бейнехабарлама жариялады, онда ол «Майя Санду Молдованы табысқа жетелейді» деп мәлімдеді, ал Германиядағы билеуші Христиан-демократиялық одағының (ХДС) төрағасы Аннегрет Крамп-Карренбауэр бұл кандидат «Молдованың болашағын білдіреді», - деп мәлімдеді.

Авторы: Арнұр Рахымбеков

Соңғы жаңалықтар