+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Молдовада министрліктердің тең жартысы қысқартылады

2017 жылғы 10 мамыр 19:11
Бөлісіңіз:
Молдовада министрліктердің тең жартысы қысқартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Молдова үкіметіне қарасты министрліктер саны оңтайландыру мақсатында 16-дан 9-ға қысқарады, деп хабарлайды ТАСС.

Молдова демократиялық партиясының (МДП) төрағасы Владимир Плахотнюк: «Бұл реформа үкіметтің тиімділігін арттырып, бюрократия мен жемқорлық деңгейін төмендетеді», - деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол премьер-министрден, МДП төрағасының орынбасары Павел Филиптен бұл реформаны таяу арада енгізуді талап етті.

Атап айтар болсақ, экономика және инфрақүрылым министрлігі құрылып, оның құрамына төрт министрлік: экономика, өңірлік даму және құрылыс, көлік және жол инфрақұрылымы, ақпарат және байланыс, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік агенттіктер кіреді.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау және әлеуметтік істер министрлігі бірігіп, оған ағарту, мәдениет, сондай-ақ жастар және спорт министрлігі кіреді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен экология министрлігін біріктіру жоспарлануда.

Реформаның тұжырымдамасына сәйкес, вице-премьерлер саны төртеуден үшеуге қысқарады. Сыртқы істер мен еуропалық интеграция, қорғаныс, ішкі істер, әділет және қаржы министрліктері өзгеріссіз қалады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Молдова,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT