+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Молдова президентінің кортежі апатқа ұшырады

2019 жылғы 22 ақпан 20:32
Бөлісіңіз:
Молдова президентінің кортежі апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Молдова президенті Игорь Додон жұма күні оның кортежі жол апатына ұшырағанын, бірақ ешкімнің зардап шекпегенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен қауіпсіз жердемін. Бұл жолы мен отырған көлік зардап шеккен жоқ, алайда күзет қызметінің көлігі зақымдалды. Барлық әріптестерімнен, достарымнан сұрайтыным - алып-қашпа сөздерге сенбегіңіздер», - деп жазды Додон Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, сайлау алдында түрлі қауесеттер тарауы мүмкін, бірақ ол апатты оқыс оқиға деп есептеуге шақырды.

Молдовада парламент сайлауы 24 ақпанға жоспарланған.

Фото: newsmaker.md

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Молдова,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT