Молдова президенті отставкаға кетуден бас тартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Молдова президенті Николай Тимофти наразылық білдірушілердің талабына қарамастан, отставкаға кетпейді. Ол туралы Молдова президенті аппаратының басшысы Ион Пэдурару мәлім етті, деп жазады vesti.ru.

Кишиневте наразылық шарасы 6 қыркүйектен бері өтіп жатыр. ТАСС-тың хабарлауынша, оны ЕО интеграциясын қолдайтын «Абырой мен шындық» қоғамдық ұйымы ұйымдастырып отыр.

Үкімет те бұл бағытты ұстанады. Алайда, интеграция үрдісіне қатысты көзқарастар әр түрлі.

Соңғы жаңалықтар