Молдова президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты өз еліне ресми сапармен келуге шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев фин әріптесімен кездесуден кейін Молдова Президенті Игорь Додонмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Көшбасшылар саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екіжақты қатынастардың құқықтық-шарттық базасын кеңейту мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардың оң динамикасын атап өтіп, одан әрі нығайтуға дайын екендерін мәлімдеді.

Атап айтқанда, тараптар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.

Молдова президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Молдоваға ресми сапармен келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар