Молдова Парламенті мемлекеттік тілдің ауыстырылуын мақұлдады

None
КИШИНЕВ. ҚазАқпарат – Молдова Парламенті барлық заңдарда, соның ішінде Конституцияда «молдавия тілі» сөз тіркесін «румын тілі» тіркесіне ауыстыру туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. ҚазАқпарат бұл туралы euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат авторларының атап өтуінше, олар бар болғаны заң актілерін Конституциялық сот соңғы онжылдықтарда қабылдаған шешімдерге сәйкес келтіріп жатыр.

Оппозициялық партия өкілдері бұл шешімге түбегейлі қарсы болып, Парламент мінберіне шығар жолды бөгеп тастады.

Әзірге Молдова конституциясында мемлекеттік тіл ретінде «латын қарпіне негізделген молдова тілі» көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар