Молдова ЕАЭО-да бақылаушы ел атанды

None
None
СОЧИ. ҚазАқпарат - Молдова Республикасы Еуразиялық экономикалық одақта бақылаушы ел мәртебесіне ие болды. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ЕАЭО-да бақылаушы ел мәртебесін бекіту туралы шешімді атап өтейін. Бұл мәртебеге Молдова Республикасы ұсынылып, келісілді. Осыған байланысты, біздің отырысымызға келген президент Игорь Додонға хош келдіңіз деп айтқым келеді. Молдова бақылаушы ел ретінде біздің интеграциялық бірлестіктеріміздің қызметіне белсенді қатысады деп сенеміз», - деді Ресей Президенті Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың отырысында.

Бұл ретте Владимир Путин ЕАЭО-ның басқа да мүдделі елдердің, ең алдымен ТМД-ға мүше мемлекеттердің өтініштерін қарауға дайын екендігін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар