Мөлдір Нарынова Азия чемпионы атанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық дзюдошы Мөлдір Нарынова Тайбэйде өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

70 келіге дейінгі салмақта күрескен ол жарыста қарсылас шақ келтірмеді.

Мөлдір ширек финалда моңғолиялық Оюнтулхур Бумбугурды, жартылай финалда Мария Суанды, ал финалда Иран спортшысы Мариам Барбатты иппон ұпайымен жеңді.

Айта кету керек, чемпионаттың бірінші күні Қазақстан құрамасы қоржынға 7 медаль салған болатын.


Соңғы жаңалықтар