+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мөлдір Әуелбекова аукционда қазақстандық боксшының қолғабын сатып алды

2018 жылғы 27 мамыр 14:37
Бөлісіңіз:
Мөлдір Әуелбекова аукционда қазақстандық боксшының қолғабын сатып алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Astana Arlans» командасы боксшыларының қолғаптары аукционға қойылып, сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, кеше кешке бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) VIII маусымының жартылай финалдық ойыны аяқталды. Әлемдік додада WSB жобасының үш дүркін чемпионы «Astana Arlans» Ұлыбританияның «BritishLionhearts» командасымен кездесіп, жеңіске жетті.
null

Ойын соңында аукцион өткізіліп, бәссаудаға «Astana Arlans» командасы боксшыларының қолғаптары қойылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, дүбірлі додада жеңіске жеткен Қамшыбек Қоңқабаевтың қолғабы 3 миллион 700 мың теңгеге сатылды. Сондай-ақ, әнші, эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова Асланбек Шымбергеновтің қолғабын 600 мың теңгеге сатып алды.

Аукционнан түскен барлық 7 миллион теңге науқас балалардың емделуіне жұмсалатын болады.
nullnullnullnull

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT