+7 (701) 759 90 19
USD 402.37 EUR 449.81
RUB 5.86 CNY 56.67
Jańalyqtar

Молдахмет Қаназ: Президент тапсырған дағдарысқа қарсы шаралар толық орындалуы тиіс

2020 жылғы 1 сәуір 16:14
Бөлісіңіз:
Молдахмет Қаназ: Президент тапсырған дағдарысқа қарсы шаралар толық орындалуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент тапсырған дағдарысқа қарсы іс-шаралар толық орындалуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарысқа қарсы іс-шаралар жөніндегі мәлімдемесіне орай жазушы, «Денсаулық» журналының бас редакторы Молдахмет Қаназ осындай пікір білдірді.

«Бүгінгі ел басына түскен жағдай – оңай шаруа емес. Жұқпалы ауру адамды, қызметіңді, дәрежеңді таңдамайды. Вирус мүмкіндігінше көп тарауға тырысады, вирустың табиғаты солай. Оның қаупі көзге көрінбейді, емі – қиын. Ең жаманы – бұл вирустың вакцинасы табылған жоқ, сол себепті біраз әуре-сарсаңға салуы мүмкін. Мен де үлкен кісі, осы елдің азаматы есебінде халыққа жаным ашиды. Қазақ халқы – салғырттау, «Бір Құдай аман алып қалар», «Үкімет өлтірмейді ғой» деп жүре береді. Осы салғырттық бізге зиян болуы мүмкін», - дейді жазушы.

Оның пайымынша, қазіргі күні дерт қарқынын бәсеңдетіп келеді. Ал бұған мемлекет тарапынан болған қамқорлық, дер кезінде қабылдаған шаралар өз септігін тигізіп отыр.

«Кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені қайта қарап, тағы бірсыпыра қосымша шаралар тапсырды. Оның тапсырмалары жүзеге асатыны сөзсіз. Президент мәлімдемесінде халықтың басы-қасында жүрген дәрігерлерге қамқорлық ерекше болатынына назар аударды. Бұл – өте орынды, дұрыс шешім. Олардың да отбасы, өз өмірі бар. Бұрын қоғамның дәрігерлерге деген реніші болып тұратын. Осы жолы дәрігерлер шындығында отансүйгіштік, патриоттық мінез танытып отыр. Дәрігерлерге сену керек және көмек көрсету керек», - дейді ол.

Сонымен қатар, Молдахмет Қаназ қосымша шара ретінде Президент шешімін қолдайтынын білдірді.


«Қаржы – халықтың қазынасы. Мемлекет басшысының халықтың өз қазынасын өзіне жұмсағаны өте орынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімін қолдайтыным сөзсіз. Жалпы бұндай жағдайда ауызбіршілік, түсіністік керек, айтылған тапсырмалар толық орындалуы тиіс», - дейді ол.


Сөз соңында журналдың бас редактор салауатты өмір салты, бұқараның саулығы туралы тоқтала келе, бұл бағытта БАҚ көтерер жүгі жеңіл емес екенін атап өтті.


«Денсаулық – зор байлық» дегенді бәрі айтады. «Сақтансаң – сақтайды» деген әңгіме де бұрыннан келе жатыр. Денсаулық сақтаудың ең негізгі принциптерінің бірі – алдын алу, қамдану, саламатты өмір сүру. Осы маңызды бағытты дәріптеп, насихаттап жүрген «Денсаулық» журналы туралы да сөз қоса кеткім келеді. Осыдан 25 жыл бұрын елімізде 200 мың данамен тараған ана тіліміздегі жалғыз журнал осы болатын. Бұл журналға мемлекет тарапынан қолдау болса деймін. Халық өз денсаулығы туралы нағыз мамандардан шынайы ақпаратты біліп, оқып, одан ой түйіп отыруы керек. Мына індет те денсаулық пен ақпарат саласындағы саясатқа жақсы өзгерістер әкеледі деп үміттенемін», - дейді Молдахмет Қаназ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT